Bugin

Атақты қазақ боксшысы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: боксшының жеке мұрағатынан. Qaz365.kz.

Кешегі Кеңес кезеңінде жойқын соққысымен, айла-тәсілімен талайды таң қалдырған былғары қолғап шебері Серік Нұрқазов іс-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде іздеу жарияланды. Боксшы 14 желтоқсанда шығып кеткен. Содан бері хабарсыз. Ол Алматы қаласының Медеу ауданында жоғалған. 

Айта кетейік, өткен ғасырдың 80-жылдары "Шаршы алаңның профессоры" атанған боксшы біраз жетістікке жетті. Ол КСРО чемпионатында ең көп медаль (7 – 3 алтын, 2 күміс пен 2 қола) иеленген. 1983 жылы Болгария мемлекетінің Варна қаласында өткен Еуропа чемпионатында топ жарған. Осы жылы Италияда өткен Әлем кубогының күміс жүлдегері, 1984 жылы Куба мемлекетінің Гана қаласында өткен "Дружба-84" халықаралық жарысының күміс жүлдегері болған.

Серік Нұрқазов 64 жаста.