Bugin
ФОТО: depositphotos.com
Көкшетауда айы-күні жақындаған жүкті әйел қайтыс болды. Іші ауырып, дене қызуы көтерілген әйелді жедел жәрдем бірнеше рет алып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы 716.kz сайтына сілтеме жасап.
Сайт мәліметінше, анасын да, нәрестені де құтқара алмаған. Марқұмның артында екі баласы қалды. Әйел қала емханаларының бірінде есепте тұрған.
Желі қолданушыларының бірі марқұмның 34 жаста екенін жазды.
"Ауруханалар (перзентхана) жүкті әйелді неге қабылдамайтын түсінбеймін! Екі аурухана қабылдаудан бас тартқан. Апат емес, ауыр ауру емес, ЖРВИ. Мына заманда адам ЖРВИ-дан қайтыс болып жатыр! Небәрі 34 жастағы әйел", - деп жазды ол.
Тағы бір желі қолданушысы перзентхана әйелді жүктіліктің 39-аптасында жоғары дене қызуына байланысты қабылдамағанын жазған.
"Қалаға, қаладан облысқа, ал облыс қайтадан қалаға жіберген. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, бірден екеуін жоғалту өте қиын әрі қорқынышты", - делінген жазбада.