Bugin
Фото: видеодан кадр
Бұрынғы Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мәди Абылайұлы Ахметов 1995 жылы 18 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.
Әр жылдары Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы, Халықаралық бизнес университетінің Қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты лауазымдарын атқарған. Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында штаттан тыс кеңесшісі ретінде қызмет атқарған.