Bugin
Фото: Фото: flickr
Голливуд актері Леонардо Ди Каприо өзінің Instagram парақшасында Қазақстан үкіметін жойылып бара жатқан жануарлар түрлерін сақтаудағы жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Браконьерлермен күресуге, жаңа қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және құқық қорғау органдарына үлкен күш жұмсаған Қазақстан үкіметін құттықтаймын", - деп жазды актер.
2005 жылы ғана 48 мың бас болған киіктің саны қазір 1,9 миллионнан асты.
"Қазақстан билігінің табиғатты қорғау ұйымдарымен, университеттермен және ғалымдармен ынтымақтастығы – бірлескен күш-жігерге негізделген табиғатты қорғау саласындағы нақты табыстың жарқын мысалы", - деді Ди Каприо.