Bugin

Шавкат соңғы жекпе-жегінен қанша ақша тапқанын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz / Ғайнижамал Арыстанбек

UFC жауынгері, DAR PRO TEAM клубының спортшысы Шавкат Рахмонов журналистермен кездесті. Ол кездесу барысында өзінің қанша қаражат алғанына байланысты ел арасындағы сөздің жалған екенін айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды. 

Пресс-конференция барысында kursiv.kz тілшісі Шавкатқа қанша табыс табатынына байланысты сауал қойды.

"Шынын айтайын, мен Томпсон қанша ақша алатынын білмеймін. Мына жақтағы ақпарат кішкене қате. Менің алған ақшам одан да көп негізінде. Шыққан ақпарат сенімді емес. Мүмкін Топмсон менен көп алған болар. Бірақ жазылып, таралып жатқан деректегі ақшадан көбірек алдым. Оны айтпай-ақ қояйын", - деді спортшы. 

 Оның айтуынша, файтер UFC-мен келісімшартқа отыруына байланысты табысын жасырын ұстауы қажет.