Bugin

Ұшақтың апаттық есігін ашқан алматылық қалай жазаланғаны анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:видеодан кадр

Әуе кемесінің апаттық есігін ашқан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

23 желтоқсанда Fly Arystan әуекомпаниясы өкілдерінің өтініші бойынша Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Шымкент – Алматы бағытындағы рейс жолаушысын ұстады. Оны құқық бұзушы акті бойынша рейстен түсірді.

"Тексеру барысында ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған Алматы қаласының 29 жастағы мас тұрғыны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол "орташа дәрежелі" мас күйде болған. Құқық бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі, 566-бабы 1-бөлігі, 434-бабы 1-бөлігі бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырып, 8 АЕК көлемінде айыппұл салды", - делінген хабарламада.