Bugin

Қазақстанның белгілі ақыны өмірден өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: mangystaumedia.kz.

 

Ақын, журналист, “Маңғыстау-Медиа” ардагері Рза Оңғарбай 74 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Рза Оңғарбай Ахметұлы 1949 жылы 9 қыркүйекте Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Таушық поселкесінде туған. 1966 жылы Таушықтағы Шахта орта мектебін, 1974 жылы Атырау Мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1974- 2002 жылдар аралығында Атырауда, Таушық ауылында әкім, Ақтау қаласында Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармаларда қызмет атқарған.

Сондай-ақ облыстық "Маңғыстау" газетінде қызмет етті. "Таушықтың сансыз таулары-ай", "Дәніспан", "Әзілдесейік әлеумет" атты кітаптары жарық көрді. Сонымен қатар поэзия аудармасы, афоризм және әзіл әңгімелер жазумен айналысты.

Омар Һәйямның рубаяттарын аударып, "Қандай нұрлы дидарың" деген атпен жеке кітап етіп шығарды.

Шығармалары бірнеше ұжымдық жинақтарға да енді.