Bugin
Фото: Sputnik / Санат Имангалиев
Қазгидромет синоптиктері 26-28 желтоқсан аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Циклон әсері Қазақстанның бүкіл аумағында сақталады.
"Осыған байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, көктайғақ болады, тұман түседі. Бұрқасын көтеріліп, желдің жылдамдығы 15-28 м/с-қа дейін күшейеді. 26 желтоқсанда солтүстік облыстарда жел екпіні 30 м/с-тан асады", - делінген хабарламада.
Ауа температурасы кенеттен өзгермейді.