Bugin

Тоқаевтың Ресейге не үшін барғаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ақорданың ресми сайтының мәліметінше, Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен барған.

"Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың басты міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылауды жоспарлап отыр", - деп жазды Ақорда сайты.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысады.