Bugin

Зауытта жарылыс болып, 13 адам мерт болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Зауытта болған жарылыстан кем дегенде 13 жұмысшы қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Индонезияның Сулавеси аралындағы никель зауытында болған.

Жарылыс жөндеу жұмыстары кезінде орын алған. Оның артынан тағы бірнеше жарылыс болғаны анықталды. Жарылыстың себебі жақын жерде оттегі баллондары көп болған.

Жалын бірнеше сағаттан соң сөндірілді. Жарылыс салдарынан 8 индонезиялық және 5 қытайлық азамат көз жұмды.

Аудан басшысы міндетін атқарушы Рахмансия Исмаилдың жергілікті БАҚ-қа хабарлауынша, жарақат алғандардың жартысына жуығы – шетелдік жұмысшылар, олардың кем дегенде 17-сі ауыр жарақат алған.

Компания зардап шеккендерді емдеу шығындарын өзі өтейтінін мәлім етті.