Bugin
Фото: pexels.com
19 жастағы қыз такси жүргізушісін дүкенге жіберіп, көлігін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Талдықорған полицейлері Hyundai Accent көлігін ұрлатып алған жергілікті тұрғынның өтінішін тіркеген. Өтініш беруші көлікті өзіне белгісіз қыз ұрлап кеткенін айтады. Белгілі болғандай, жолда келе жатып клиент жүргізушіден минералды су сатып алуды өтініп, өзі көлікті айдап кеткен.
Полицейлер ұрланған көлікті Алматыдағы ойын-сауық орындарының бірінен тапты. Водомствоның мәліметіне сәйкес, автокөлік заңды иесіне қайтарылған. Күдікті тұлға ретінде 19 жастағы қыз ұсталған.
"Қазір іс жүзінде ҚР ҚК-нің 200-бабында (Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену) көзделген қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамның жеке басын растайтын құжаттары болмағанын ескере отырып, ол уақытша қабылдау-тарату орнына жеткізілді, – деді Талдықорған ҚПБ бастығының орынбасары Қайрат Баймұханов. Жыл басынан бері аймақта 37 автокөлік ұрлау фактісі тіркелді. Барлық көліктер табылып, иелеріне қайтарылды"-делінген хабарламада.