Bugin
Фото: nationalbank.kz
Жаңа 5000 теңгелік қағаз ақша айналымға шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ұлттық Банкке сілтеме жасап.
Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы қағаз ақшаны айналымға шығарды. Ол 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталар.
Банкноталарда "Сақ стилі" бейнеленген.
"Ол дәстүрлі қазақ ою – өрнегінің бастаушысы болып саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделді"-делінген хабарламада.
2023 жылдың 25 желтоқсанынан 2024 жылдың 24 желтоқсанына дейін ескі және жаңа үлгідегі банкноталар айналымда қатар жүріп, есеп айырысуға жарамды болып саналады.
Бұл орайда, жаңа үлгідегі банкноталар 2024 жылдың наурыз айында ғана жаппай айналымға түседі. Себебі оларды еліміздің барлық өңіріне жеткізіп, банкоматтар, терминалдар және кассалық техникаларға айналымға енгізу керек.