Bugin
Автобус апатынан кейін қылмыскердің оқиға орнынан қашып кетпек болған видеосы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Желіде Алматыдағы автобус апатынан кейінгі видеолар тарап жатыр. Жүргізушіні соққыға жыққан қылмыскер Қалқамандағы №7 ауруханадан түсуі керек болған. Жүргізуші одан жолақысын төлеген билетті көрсетуін сұраған. Бірақ ер адам жолақысын төлемегені белгілі болған. Жүргізушімен келіспей қалған жолаушы ашуына ерік берген. Куәгерлердің айтуынша, ер адам жүргізуші көлікті тоқтатпағандықтан, айқай шығарған.
Қайғылы оқиға орын алғаннан кейін қылмыскер оқиға орнынан ізін суытқысы келген. "Балама баруым керек" деген сылтаумен кетіп қалмақшы болған. Бірақ сол жердегі адамдар қылмыскерлің кетуіне жол бермеген.