Bugin
Салтанат Нүкенова туралы адвокат Жанна Уразбахова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Адвокат осы уақыт аралығында таралған қауесеттер мен пікірлерге байланысты бірде-бір пікір, түсініктеме бермегенін айтты.
"Салтанаттың туыстары арыз жазып, анықтама беріп, тергеу амалдарын жүргізді. Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура өкілдері өз брифингінде журналистерге ақпарат берді, біз бұл туралы түсініктеме бермедік. Сондай-ақ, алғашқы күннен-ақ кейбір блогерлер мен журналистер тарапынан көптеген қауесеттер, болжамдар мен нұсқалар орын алғанына қатысты пікір білдірмедік. Салтанат үшін мұндай "лас істердің" ешқайсысына мән бермейміз", - деді ол.
Сондай-ақ екі ортада татуласу болмайтынын атап өтті.
"Қылмыс 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе мүлкі тәркіленіп немесе онсыз өмір бойына бас бостандығынан айыру түрінде жазаланады. Тергеу аяқтала салысымен тергеуші дәлелдемелер, айғақтар іс бойынша жиналған барлық сараптамалардың негізінде күдіктіге қатысты түпкілікті сараптама жасайды"-деді ол.