Bugin
Алматы облысында өртті сөндіру кезінде өртсөндіруші қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, оқиға Қарасай ауданы Көкөзек ауылында болған. 25 желтоқсанда сағат 16:56-да өрт сөндіру қызметіне екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатыры өртке оранғаны туралы хабар келіп түскен.
"Қызметтік борышын атқару кезінде 19-МӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Министрліктің хабарлауынша, жедел-тергеу тобы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатыр.