Bugin

"Жаңа туған салмағы 5 келі нәресте": баласын қоқысқа тастаған ана іздестіріліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Шымкентте жаңа туылған шақалақты далаға тастап кеткен ана іздестіріліп жатыр. Қапқа салынған сәбидің денесін тұрғындар көпқабатты үйлердің маңынан тауып алған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Куәгерлер бірден тәртіп сақшыларына хабарлаған. Бұл үйде негізінен жетімдер үйінен шыққан азаматтарға беріліпті. Сондықтан полицейлер ең алдымен тұрғындарды тексерген. Бірақ нәрестенің  анасы табылмаған. Сәбидің денесін басқа жақтан әкеліп тастап кетуі мүмкін дейді құзырлы орган қызметкерлері.

Бала табылған маңда тұратын Несібелі Досжанова:

"Қалай болғанда қоқысқа тастаған ғой сол, жас нәрестені. Жаңа туған шарана. Шетінеп қалды ғой енді бөпе. Қыз бала, 5 кило екен",- деді.

Қазір, шақалақтың неден шетінегенін анықтау үшін сараптама тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.