Bugin

"Өлтіріп қоя ма деп қорқамын": күйеуінен жапа шеккен әйелдің мұңы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Журналист Наима Нұрәлі tiktok парақшасына дағдарыс орталығындағы әйелдер туралы видео жариялады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Журналистің мәліметінше, әйел күйеуімен 10 жыл бірге тұрған. Сол аралықта күйеуі 15 рет қылқындырып, өлтіруге шақ қалған. Видеода әйел басынан өткерген сұмдық жайт туралы баяндаған. 

"Ескертпей, стоматологқа, дүкенге кеткен жағдайымда қылқындыратын. Қылқындырған кезде, ауа жетпей, 2-3 минутта жан тапсыруың мүмкін екенін сезінесің. Кислород жетпейді", - деді.

Жәбірленуші қорқынышты сәттері туралы былай жеткізді. 

"Менің жолдасым ұрып-соқпайды. Қылқындырады. Ол әрекетін "сені жарақаттағым келмейді" деп ақтап алады. Бірақ өліп қалуым мүмкін ғой. Өте қорқынышты жағдай", - деп еске алды.

Күйеуінің көзіне қарап, әйел бір сұмдықтың боларын сезген. 

"Адам ондай жағдайда өзін ұстай алмауы мүмкін ғой. Қылқындырып жатқанда көзіне тіке қарап тұрдым. Сол кезде көзінен мені босатпайтыны көрініп тұрады. 10 жыл отасқан өмірімізде бұл жағдай 15 рет орын алды", - деп мұңын айтты.

Келіншек қазір қауіпсіз жерде, дағдарыс орталығында мамандардың көмегіне жүгініп жүр.