Bugin

Қазақ зиялыларын жатқа білетін 3 жасар бүлдіршін көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скрин

Қазақ зиялыларының аты-жөні мен суретін жатқа білетін бүлдіршін көпті сүйсіндірді. Балабақша жасындағы баланың ақын-жазушыларды жатқа айтып отырған сәтінің видеосын анасы ТікТок парақшасында жариялады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеода қолына "Әдебиеттік оқу" пәнінің оқулығын ұстаған балақайдың анасы кітапты парақтап отырып, ұлынан ондағы ақын-жазушылардың аты-жөнін сұрайды. Бүлдіршін "Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов" деп қазақ зиялылыларының есімдерін айтып береді.

Бүлдіршіннің тапқырлық танытқан видеосын мына сілтемеден көре аласыздар.