Bugin

Із-түзсіз жоғалып кеткен атақты қазақ боксшысы табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:  qaz365.kz

Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен спортшы Серік Нұрқазов табылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Медеу аудандық полиция басқармасы өкілдерінің мәліметінше, 1959 жылы туған Серік Нұрқазов аман-есен табылып, туыстарына тапсырылды.

Осыған дейін боксшының жоғалып кеткенін хабарлаған едік.

Айта кетейік, өткен ғасырдың 80-жылдары "Шаршы алаңның профессоры" атанған боксшы біраз жетістікке жеткен. Ол КСРО чемпионатында ең көп медаль иеленген. 1983 жылы Болгария мемлекетінің Варна қаласында өткен Еуропа чемпионатында топ жарған. Осы жылы Италияда өткен Әлем кубогының күміс жүлдегері, 1984 жылы Куба мемлекетінің Гана қаласында өткен "Дружба-84" халықаралық жарысының күміс жүлдегері болған.