Bugin

Зоопаркте түлкі болып жұмыс істейтін адамның тағдыры

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: © tribune.com.pk
 

Пәкістандағы Карачи хайуанаттар бағындағы ең қызық тіршілік иесі – адам. Денесі – түлкі, басы әйел адамға ұқсайтын мифтік тіршілік иесінің рөлін ер адам ойнайды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі NTD арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Хайуанаттар бағында бұл жануарға қызығушылық танытатын қонақтар өте көп. Оның тапқыр әңгімесі мен болжау қабілеті образын ерекшелендіре түседі. Ер адам әйелдер секілді жарқын түстермен макияж жасайды.

Мұмтаз өзінің образы туралы:

 "Мен Африкада 35 жыл бұрын осы қалыпта дүниеге келдім. Мен тәтті бәліш пен шырын және жемістер жеп өмір сүремін" ,-деп монолог жасайды.

Шағын монологтан кейін ол келушілердің бірнеше тілдегі сұрақтарына жауап береді. Әрине, Мұмтаз шын мәнінде мифтік жаратылыс емес. Ол – адамның оптикалық иллюзиясы ғана. Осыған дейін Мұмтаз рөлін бірнеше адам сомдаған. Рөл үшін әрқашан ер адам таңдалады, өйткені хайуанаттар бағының директоры Мохаммад Фахим Ханның айтуынша, ер адамдар қысым мен жағымсыз пікірлерге жақсырақ жауап береді. Бұл жұмысқа үміткерді актерлік қабілеті мен әртүрлі тілдерді меңгергеніне қарап іріктейді.

Мұмтаз Бегімді сомдайтын қазіргі актер – 33 жастағы Мурад Әли. Ол рөлді 16 жыл бұрын әкесінен мұра етіп алған. Содан бері күн сайын макияж жасап, күніне 12 сағат түлкі образын сомдайды. 

"Мұнда келгендер қуанып кетеді. Олардың бақытты жүзі мені де бақытты етеді. Менің және олардың арасында махаббатқа толы байланыс бар. Өмір тым қысқа және оны күлімсіреумен өткізу керек", - дейді кейіпкер.

Мұмтаз Бегум жергілікті жерде танымал болғаны соншалық, оның өзінің табынушылары бар. Студенттер оған емтихан нәтижелерін білу үшін жиі келеді. Алаңдап, қызының қашан тұрмысқа шығатынын сұрайтын ата-аналар да бар. Адамдар оған тағдырлары туралы түрлі сұрақ қойып, жауап алады.