Bugin

Елімізде қандай көлікке тыйым салынғаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: astanatv.kz

Shacman деп аталатын қытайлық жүк көлігі енді елімізде жүрмейді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев Астана қаласының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Shacman секілді ауыр көлік жолдың шұрық-тесігін шығарып, сапасын құртады. Ал ақылы жолға төленетін ақша бұл шығынды өтемейтін көрінеді. Министрлік шектеу 2026 жылы енгізілетінін айтты. Алдағы уақытта елордаға кіріп-шығатын жолдардың барлығына 220 камера қойылмақ. Ол автоматты түрде техникалардың салмағын өлшейді. Егер тиісті мөлшерден артық жүк болса, бірден айыппұл салынады.

ҚР көлік министрі Марат Қарабаев бұл көлікке шектеу қашан қойылатынын айтты.

"Жолдың сапасын құртатын жүк көліктерінің көбі – Shacman. Басқа елдердің бәрінде бұл техника тек карьерде жүреді. Бізде ғана магистральды жолдарда жүруге рұқсат етілген. Шектеуді биыл қоямыз дегенбіз. Бірақ кәсіпкерлердің де жағдайын ойлаған дұрыс. Қазір елімізге дәл осы техника ағылып келіп жатыр. Батыс Қазақстан облысына барсаңыз, жаңа жолдардың өзі ойылып кеткен. Ал бұл жолдарды салуға бюджеттен қыруар қаржы жұмсалды", - деп мәлімдеді.