Bugin
Фото: polisia.kz
Атырау облысында мұзға түсіп кеткен екі адам құтқарылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"25 желтоқсан күні сағат 19:20 шамасында полицияға Шарон өзенінде бір әйелдің мұзға түсіп кеткені туралы хабарланған. Хабарламаны естіген оқу-кадр бөлімінің инспекторы Роман Насихан оқиға орнына жеке көлігімен бірінші болып жетті. Сол жерде полицей ер адамды байқаған. Ол әйелге көмектеспекші болып, мұз жарылып, салқын суға түсіп кеткен. Осы кезде полиция қызметкерлері көмекке келіп, әйел мен ер адамды аман алып қалған",-делінген ресми хабарламада.
Зардап шеккендер облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір 64 жастағы әйел дәрігерлердің бақылауында.
Оқиғаны мына сілтемеден көре аласыздар.