Bugin
Фото: depositphotos.com
ҚР Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын бекітті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жаңа баға шегі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Аймақтар бойынша бекітілген максимал бағалар төмендегідей:
Астана - 76 теңге;
Алматы - 81 теңге;
Шымкент - 64 теңге;
Алматы облысы, СҚО - 81 теңге;
Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары - 54 теңге;
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары - 76 теңге;
Жамбыл облысы - 71 теңге;
Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары - 64 теңге;
Павлодар облысы - 74 теңге.
Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары - 76 теңге.
Айта кетейік, әр облыстың шалғай аудандары үшін (облыс орталықтарынан 200 шақырымнан артық) баға лимиті 5 теңгеге жоғары болады.