Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: polisia.kz
50-ден астам азаматты алдаған павлодарлық әйел ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Павлодар облысының жедел қызметкерлері көрші мемлекеттегі әріптестерімен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген Павлодар қаласының тұрғынын ұстаған. Алаяқ Краснодар қаласындағы жалдамалы пәтерде ұсталған.
"2021 жылғы қыркүйектен бастап 2023 жылғы қазан айына дейінгі уақыт аралығында 47 жастағы павлодарлық әйел бизнесті дамыту және қарттар үшін ақылы пансионат ашу сылтауымен жалпы сомасы 400 млн теңгедей қаражатты иеленгені анықталды. Қазіргі уақытта “қашқын” Краснодар қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Сот іздеуде жүрген адамға қатысты 40 тәулік мерзімге экстрадициялық қамауға алуға санкция берді, – дейді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61