Bugin

Алматыда безендірілген көлік иелеріне қандай жаза тағайындалмақ?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Polisia.kz 

Алматыда безендірілген көлік иелеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Mercedes және BMW көлігінің жүргізушілері темір тұлпарларын безендіріп, құқық бұзғаны анықталған. 

"Олардың әрекеттерінен ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігінің талаптарын бұзу белгілері анықталды. Жергілікті полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін анықтап, жауапкершілікке тартты", - делінген хабарламада.