Bugin

Алматыдағы апат: Жүргізушіні ұрған жолаушы неше жылға сотталады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыдағы автобус апатынан кейін қылмыскер екі айға қамауға алынған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдіктінің үстінен "Бұзақылық" және "Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі не көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Заңгер Альбина Бахтиярқызы жоғарыда аталған бап бойынша адам өліміне алып келген жағдайда үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін айтады.
Ал “Бұзақылық” бабы бойынша үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонда күдікті жалпы алғанда 10 жылдан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін. 
Заңгер бұл істе бірнеше адам өлімі болғанына байланысты жазаның қатаң болатынын ескертеді. Ол тергеу жұмыстары мен тиісті сараптамалардан кейін бұл іске қатысты тағы бір мән-жайлар анықталып, күдіктінің бұдан басқа да заңбұзушылықтар жасағаны зерделенетінін айтады. 

“Қазір қоғам бұл оқиғаны жарияланған видеоға байланысты ғана талқылап жатыр. Бірақ одан басқа куәгерлер бар, жәбірленушілер бар сол секілді тиісті тұлғалардан жауап алынғаннан кейін, сараптамалардың нәтижесінен кейін ол азаматтың бұған дейін де заңды бұзғаны анықталуы ықтимал”, – деп жалғады заңгер.