Bugin

Қазақстандық 15 жастағы шахматшы әлем чемпионатында сенсациялық нәтижеге жетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық 15 жастағы шахматшы Ернұр Амангелді (рейтинг - 2012) рапидтен әлем чемпионатының екінші айналымында ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящиймен (рейтинг - 2778) ойнады. Әлем чемпионаты Өзбекстанның Самарқанда қаласында өтіп жатыр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Амангелді Ян Непомнящиймен кездесуді тең аяқтады. Биыл сәуір айында Астанада әлемдік шахмат тәжі үшін өткен кездесуде ресейлік гроссмейстер қытайлық Дин Лиреннен жеңілген болатын.

26-30 желтоқсан аралығында Самарқанд қаласында жылдам шахматтан әлем чемпионаты өтуде. 26-28 желтоқсанда рапид, 29-30 желтоқсанда блиц жарыстары өтеді.