Bugin

Павлодарда 53 миллион теңге "еріп" кеткен (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz/ Ғайнижамал Арыстанбек

Құрылысына 53 млн теңге бөлінген Павлодар қаласындағы мұз қалашығы тұтастай еріп кетті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазақстан арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, қалашықтың еруіне толассыз жауған жаңбыр мен ауа райының күрт жылынуы себеп болған. Ауа райын болжау орталығы өңірде қыс қарсыз, жылы, жаңбырлы болатынын екі ай бұрын хабарлап, ескерту жасаған.

"Мысалы бүгін +3 градусқа дейін жылып кетті. Алдағы күндері тіпті, қаңтар айында да, күн жылы болатыны көрсетілген. Сондықтан дәл биылғыдай жылымыққа қарамастан, жаңа жылды мерекелеуге 185 млн теңге бөлген жергілікті әкімдіктің әрекеті көпшілік тарапынан сынға ілікті", - делінген ақпаратта.

Құқық қорғау органдары қаржылық талдау жасалып, тексеру жүргізілетінін мәлімдеді.

Оқиғаны мына сілтемеден көрсеңіз болады.