Bugin

Махаббатта ең маңызды 3 нәрсені білесіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Танымал қаржы маманы және бизнес коуч Роза Әшірбаева Bugin Podcast-қа сұхбат берді. Ол махаббаттағы ең маңызды 3 нәрсені атап өтті, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.

Спикер сұхбат барысында қазақ қоғамындағы ұл мен қыз тәрбиесі туралы айтты.

"Қыз бен жігіттің қарым-қатынасындағы ең маңыздысы – сөйлесе алу, бір-бірінің ойын білу, бір-біріне ойын ашық айта алу", - деді коуч.

Маман осы үш нәрсені қатынасқа қалай енгізу туралы ойын жеткізді.

"Қазір ойымды айтсам, арамыз дұрыс болмайды" деп ойламау керек. "Қалай ойлайды, түсіне ме?" деп қобалжымай ашық айту керек. "Менің ойым осылай, сен қалай ойлайсың?" деп сұрау керек. Ойы сәйкес келмесе, талқылауы керек. Екеуі де ойын айтқанда, ортақ шешім табылуы керек. Ағасының машинасын мініп келу де, сыйлық та – бәрі уақытша. Тек қыз-бен жігіт қалады. Бала да өседі де, кетеді",-деп маман кеңес берді.