Bugin

"Сәбидің кіндігі шіри бастаған": жаңа босанған әйел мен баласы қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Өзбекстанның Асака ауданындағы №1 перзентхананың дәрігерлері сәбидің тірі туып, кейін қайтыс болғаны туралы анықтама берді. Алайда туыстары баланың кіндігі шіріп кеткенін, сәбидің ана ішінде ертерек өлгенін айтады. Туған соң 17 күннен кейін анасы да қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі kun.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Асака ауданындағы Тошқорған кентінде тұратын Наргиза Машрапова босанғаннан кейін 17 күннен кейін қайтыс болды. Марқұм келіншек баласын 19 қараша күні аудандағы №1 перзентхана кешенінде кесарь тілігі арқылы босанған. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша нәресте босану кезінде қайтыс болған. Отбасы мүшелері сәби мен әйелдің өліміне дәрігерлердің жауапсыздығы мен салғырттығы себеп деп отыр.

Туыстары келіншектің 5 қарашада УДЗ-дан өтіп, шарана суының азаюына байланысты ауруханаға жіберілетінін айтады.

"Одан кейін келінімді Асака ауданындағы Төртташ (No1 перзентхана кешені) перзентханасына апардым. Әлі ерте болғандықтан қайтарып жіберді. 11 қарашада тағы түсірдім. Гинеколог босанатын күнге дейін әлі уақыт бар, алмаймыз деді. Соған қарамастан келінімді ауруханаға тастап кеттім", - дейді марқұмның енесі.

Туыстары 3 күннен кейін Наргиза Машрапованың қызуы көтеріле бастағанын айтады. Алайда дәрігерлер тарапынан жеткілікті көмек көрсетілмейді. Әйел 18 қарашаға дейін қызуы көтеріліп ауруханада болады, 19 қарашада ота жасалады. Әйелдің туыстары нәрестенің 1 тамыр соғысымен туылғанын, кейін қайтыс болғанын айтады.

"Бірақ баланы жерлеуге бергенде кіндігі шіри бастаған. Сол себепті де анасының ішінде ұзақ жатқандықтан қайтыс болды деп ойлап, жаназаны шығарамыз ба, жоқ па деп екі жаққа тайсалдық. Содан сол күні босануға келген медбикелердің бірін іздеп көрдік. Біз сөйлескен медбике баланың өлі туылғанын айтты, бірақ 1 пульспен туылғаны туралы анықтама берді", - дейді марқұмның енесі.

Босанғаннан кейін 3 күннен кейін марқұмның қызуы қайтадан көтеріле бастайды.Араға 17 күн салып өзі де қайтыс болып кеткен.