Bugin

"Адамдарға жұғуы мүмкін": ғалым "зомби-бұғы" ауруының тарап жатқанын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: www.dailymail.co.uk

Йеллоустоун ұлттық саябағындағы бұғылардың "зомби" ауруын зерттеген ғалым тосын мәлімдеме жасады. Ол аурудың адамдар арасында таралу қаупіне алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Daily news-ке сілтеме жасап хабарлайды.  

Өткен айда Йеллоустоун ұлттық саябағында алғаш рет ауру анықталған. "Зомби бұғы ауруы" деп аталатын вирус адамдарға таралуы мүмкін екен. Ғалым соны ескертіп дабыл қағып жатыр.

Қараша айында Вайомингтің солтүстік-батысындағы Йеллоустоун ұлттық саябағындағы бұғыларға талдау жасалды. Қорытындыда олардың ауыратыны анықталды.

Доктор Кори Андерсон The Guardian басылымына:

"Ұлыбританиядағы BSE (жынды сиыр ауруы) індеті малдан адамдарға тараған кезде. Ол ситуация  бір түнде жағдайдың хаотикалық күйге ауысуы мүмкін екенін",-деп айтты.

АҚШ геология қызметі:

"Вирус АҚШ-тың 31-ден астам штатына, Канаданың екі провинциясына және тіпті Оңтүстік Кореяға тарады", -деп хабарлайды.

Кори Андерсон адамдарға бұл жағдайға дайын болу керек екенін ескертті.