Bugin
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
ҚР Қарулы күштерінің бас штабы бастығының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Руслан Омаров әскерге бармағандарға "ақ билет" берілмейтінін айтты, хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оның айтуынша енді ер азаматтар әскери міндеті туралы ақпаратты еговтан ала алады.
"Мемлекетіміздің қарулы күштерінде жүргізіліп жатқан цифрлық трансформация іс-шараларының нәтижесінде біз бұрын болған әскери есеп жүйесінен бас тартып, жаңа цифрлық әскери жүйеге жол беріп отырмыз. 27 жасқа толған азаматтарға әскери қызметін өткермеген кезде де әскери билет ие болушы еді. Қазіргі таңда цифрлық трансформация нәтижесінде бүкіл әскери қызметке байланысты мәліметтер еговтағы азаматтарымыздың жеке кабинетінің әскери қызметке байланысты бөлімінде көрсетіледі. Сондықтан, біз әскери билетті бермеу шешіміне келдік", – деді Руслан Омаров.