Bugin
Фото: pixabay.com
Қостанай облысында жоғалған әжесі мен немересі өлі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы ақпаратты Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті растады.
26 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығынан әжей мен немересі жоғалып кеткен. Желтоқсанның 26-сында сағат 11:00 шамасында полицияға 68 жастағы зейнеткер мен оның 11 жастағы немересінің үйден шығып кеткені туралы хабарлама түскен.
Қостанай ауданы, Степное, Айсары ауылы бағытында және одан әрі Қостанайға азық-түлік алуға бармақ болған, бірақ үйлеріне қайтып оралмаған.