Bugin

Жылдың соңғы күндеріне ауа райы болжамы жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

2023 жылдың  28-30 желтоқсанында Қазақстанның барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы синоптиктерге сілтеме жасап. 

Қазақстанның бүкіл аумағында Атлантикалық циклон өз әсерін сақтап, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. 

"Боран, көктайғақ және екпінді жел 15-28 м/с болады.  29-30 желтоқсанда солтүстік және оңтүстік өңірлерде өте қатты жел 30 м/с дейін жел болады. 30 желтоқсанда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде ауа температурасы 7-15 аязға дейін, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 3-13 аязға дейін аздаған төмендеуі күтіледі", делінген хабарламада.