Bugin

Ақтөбеде көлік инспекциясы қызметкерін бірден екі жүк көлігі қағып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбеде көлік инспекциясы қызметкерін бірден екі жүк көлігі қағып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті мәліметінше, оқиға Ақтөбе - Орынбор тасжолында болған. 39 жастағы Асқар Шаимов қызмет атқару кезінде қаза тапты. Көлік инспекциясы қызметкерінің негізгі міндеті жүк көліктерін тексеру болған.


Бірінші жүк көлігінің соққысынан ер адам қарсы жолаққа шығып кеткен. Қарсы бағытта келе жатқан екінші жүк көлігі қызметкерді тағы соққан. Асқар Шаимов оқиға орнында қаза тапты.

"Ұлымның артында әйелі және екі қызы қалды. Кінәлі адамдарға тиісті шара қолданылады деп ойлаймын", - дейді қаза тапқан Асқар Шаимовтың анасы.