Bugin

Шымкентте 6 жасар бала жоғалып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Шымкентте 6 жасар бала жоғалып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жас бала мектепке кетіп, үйіне қайта оралмаған. Анасы мектептегі мұғаліміне хабарласып, сабақ аяқталған соң ұлының сыныптастарымен бірге қайтып кеткенін білген. Тәртіп сақшылары баланың  жүруі мүмкін ойын алаңдары, дүкендер, қуыс көшелер мен мектеп айналасын тексерді. Учаскелік полицей баланы қала көшелерінің бірінде адасып жүрген жерінен тауып, аман-есен анасына тапсырған.

"Тәртіп сақшылары ата-аналарға қарапайым сақтық шараларын сақтауды ескертеді. Мәселен, бастауыш сыныпта оқитын балаларды үйдегі ересек адам мектепте жеткізіп тастап, сабақ біткен соң алып кеткені дұрыс. Немесе балаға үнемі сабақтан соң бірден үйге қайтуды, көшеде бөтен адамдармен сөйлеспеуді, жолдан өткенде абай болуды ескертіп отырған жөн"-деп ескертілген хабарламада.