Bugin

"Менің балам екеніне 100 пайыз сенімдімін". Белгиялық азаматтың анасы табылды ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Болжамды ана Белгиялық азаматтың өз баласы екеніне 100 пайыз сенімді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Белгиялық азамат анасын іздеп Қазақстанға келген болатын. Жұмағұлов Жәнібек 2002 жылы 17 қаңтарда Арқалықтағы перзентханада дүниеге келген. "Көреміз" тілшілері Жәнібекпен Арқалыққа барып, 21 жастағы жігіттің анасын іздеді. Іздеу нәтижесінде Арқалық перзентханасында Жәнібек дүниеге келген күні Әсел Қарбосқызы деген әйел босанғанын білген. Бұл 25 жастағы әйелдің үшінші жүктілігі. Бала 2900 грамм, бойы 53 см болып туған.

Сонымен қатар баланың әкесі Жұмағұлов К. деген ақпарат берілген. Бір өкініштісі, жаңа туған сәбидің қыз не ұл екені жазылмаған. Перзентхана архивінен босанған әйелдің қолхаты табылды.

"Отбасылық жағдайға байланысты кетуім керек. Кешке сағат 22: 00-ге дейін баламды алып кетемін"-, деп жазып кеткен Әсел Қарбосқызы.

Бірақ қайта оралмаған.

Перзентханадағы тастанды бала анасы келмеген соң Арқалық қалалық бөбектер үйіне тапсырылған. Ол жердегі тәрбиешілер Жәнібекті таныды.

"Өзі момын бала болды. Ешкімге тиісіп, бұзықтық жасамайтын. Тәртіпті болды. Арманшыл еді"-, дейді Жәнібектің тәрбиешісі Нұрсәуле Жағыппарова.

"Көреміз" бағдарламасына Өзбекстан Республикасы Нүкіс қаласынан бір әйел хабарласқан.

"Ол менің балам сияқты. 2002 жылы менің басымнан қиын жағдай өтті. Баламды тастауға тура келді. Жүріп жүрген жігітім үйленуге дайын емес еді. Мен ата-анама айта алмадым. Ішімді байлап жүрдім. Тоғыз айында Арқалыққа бардым. Сол жерде босанып, кейін баланы тастап кеттім. Бұл менің балам. Жүз пайыз сенімдімін. Егер менің балам болса, мен бұл балаға қарасамын"-дейді нүкістік келіншек.

Алайда ДНҚ нәтижесі бойынша Камила есімді өзбекстандық әйел Жәнібектің биологиялық анасы болмай шықты.