Bugin

Отшашу атқандар қанша теңге айыппұл арқалайтыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Отшашу атқандар қанша теңге айыппұл арқалайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы qazaqstan.tv. арнасына сілтеме жасап.

Енді түнгі сағат оннан кейін отшашу атқан жеке тұлғалар 69 мың теңге, бизнес субъектілері 345 мың теңге айыппұл төлейді.

Себебі, бұл уақытта фейерверк қолдану заң бойынша адамдардың түн тыныштығын бұзу болып есептеледі.

Ал кәмелет жасқа толмаған балалар пиротехникалық бұйымдарды пайдаланса алдымен ескерту жасалады.Олардың ата-анасына 70 мың теңге көлемінде айыппұл салынады,

Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатса 86 250 теңге мөлшерiнде айыппұл көзделген.