Bugin

Маңғыстауда ер адам белгілі блогерді ұрып тастаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Маңғыстауда ер адам белгілі блогерді ұрып тастаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Ер адам қыз балаға шабуыл жасаған. Ол қызға тірі қалмайтынын айтып, бопсалаған. Соққыға жығылған блогердің жағдайы орташа ауыр. Осы іс бойынша кінәлі жауапқа тартылды.

"Мен Дүйсенова Несібелі Маратқызы облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімінде жатырмын. Жағдайым орташа ауыр. Өлтіру мақсатында маған қасақана шабуыл жасаған азаматты қамауға алып, іс қозғауыңызды талап етемін", - деп жазды блогер әлеуметтік желідегі парақшасында.

Облыстық полиция департаменті арнайы хаттама толтырылғанын растады.

"Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК 73-бабымен 23 жастағы азаматқа әкімшілік хаттама жасалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция тергеу амалдарын жалғастырып жатыр", — деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.