Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: depositphotos.com
Өзбекстанның Бостандық аудандық қылмыстық істер жөніндегі соты бұрынғы полиция қызметкерін 13 жастағы қызды зорлағаны үшін айыпты деп тапты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі centralasian.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 31 жастағы сотталушы 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот жабық есік жағдайында өтті.
Оқиға туралы бірінші болып Nemolchi.uz жобасының белсенділері хабарлаған. Оған қыздың анасы көмек сұрап жүгінген. Оның айтуынша, істі қарау ұзаққа созылған. Қыздың анасына тергеу барысы туралы ақпарат мүлде айтылмаған. Жәбірленушінің отбасын күдікті қорқытқан.
"Қылмыс мамыр айының соңында болған. 13 жастағы қыз құрбысымен көшеде келе жатқан. Көршісі оларды досының көлігіне отырғызып, серуендеуге шақырған. Бойжеткен көршісін жақсы білетіндіктен сенген. Содан кейін жасөспірімдерді жалдамалы саяжайға апарған. Көршісінің досы жасөспірімді зорлаған", - деп жазды Nemolchi.uz.
Қыздарды алып кеткенін көрген куәгерлер де жауап берді. Күдіктіні жәбірленуші анықтады. Қыздың анасы күдікті Ташкент қаласының ішкі істер бөлімінің қызметкері екенін айтады. Ол Яшнабад ауданындағы учаскелік полиция қызметкері болып шықты.
Ер адам Қылмыстық кодекстің 118-бабының 4-бөлігі ("Зорлау") бойынша кінәлі деп танылды.
Сонымен қатар, аудан прокуратурасына зорлауға жағдай жасаған азаматтар Ш.А., М.З. және Ф.М.-ға қатысты 131-баптың 4-бөлігінің "а" тармағымен ("Жезөкшелікпен айналысатын орындарды сатып алу немесе ұстау") қылмыстық іс қозғау тапсырылды. Бұл бап бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61