Bugin
Фото: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман жантүршігерлік оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Әлеуметтік желідегі парақшасында ол:
"Мен үнсіз қалмауды шештім. Салтанаттың қайғылы қазасынан 40 күннен астам уақыт өтті. Балаларға, маған не болғанын түсіну үшін уақыт қажет болды.
Балаларым және мен Салтанаттың отбасына орны толмас қазаға шын жүректен көңіл айтамыз. Мен онымен жеке араласпадым. Бірақ балалар онымен дос болды. Оны мейірімді және өте жанашыр адам ретінде еске алады", - деп көңіл айтты.
Ол оқиғаға қатысты:
"Бұл – қасірет. Бұл – қорқынышты, ұят және жан төзгісіз ауыртпалық", - деді.