Bugin

Адамның басын мүжіген иттер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Abai bol

Павлодарда 2013 жылы 31 наурызда тұрғындар полицияға қоңырау шалады. Олар Ертіс өзенінде орналасқан көпір астынан адамның басы табылғанын хабарлаған. Қазақстан тарихындағы ең қатігез қылмыстардың бірі туралы Bugin.kz тілшісі Abai bol Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті тұрғындар адам басына иттер таласып, мүжіп жүргенін көргенін айтқан. Оқиға орнына жеткен жедел топ бастың кімге тиесілі екенін анықтау қиын екенін түсінеді.

Полиция іске кіріскен соң, жергілікті тұрғындардан жоғалған адам туралы дерек іздейді. Бірақ тұрғындар арасында ешкім жоғалмаған. Мүрденің өзге бөлшектері де табылмайды.

Сарапшылар бастың әйел адамға тиеслі екенін анықтайды. Әйел бір ай бұрын қайтыс болған. Бұл іздеу нәтижесіне әсер етпеді.

Полиция бөлімшесіне егде жастағы әйел қызы жоғалғанын айтып шағымданады. 37 жастағы қызы ақпан айынан бері хабарсыз екен. Мұны естіген сақшылар келген әйел мен табылған басқа сараптама жасады. Марқұмның жеке басы анықталады.

Марқұм соңғы уақытта азаматтық некеде тұрған. Полиция олар тұрған мекенжайға келеді. Мүлде басқа тұрғындар тұрып жатқаны анықталады. Сергей Чистяков 1 ай бұрын пәтерін сатып жіберген. Чистяков көршілеріне Ресейге кететінін айтқан.

Жанна ішкілік ішкенмен, Сергей арақ ішпеген. Бірақ уақыт өте келе олар қосылып арақ ішетін болған. Олар кейіннен мас күйде ұрсып, төбелесетін болған.

Ресей полициясы бір жылдан кейін Сергейді Қазақстан полициясына табыстайды. Сергей тергеу басталысымен мән-жайды айтқан.

Жанна мен Сергей арақ ішіп отырып, жанжалдасып қалған. Жағдай шиеленіскенде Сергей Жаннаның жүрегіне асхана пышағын сұғып алады. Жанна бірден қайтыс болған. Сергей мәйітті ваннаға апарып, сүйегінен етін ажыратады. Бар органын ұсақтап турап, унитаздан ағызып жібереді. Ал сүйектерді қаланың әр жеріне шашып тастайды. Басты Ертіс өзеніндегі көпір астына топыраққа көміп кетеді. Бір айдан соң шіріген иісті байқаған қаңғыбас иттер басты тауып алған. Мәйіттің басқа бөлшектерін табу мүмкін болмады.

Сергей Жаннаның ұрысқанын да видеоға түсіріп жүретін болған. Арадан бір жыл уамқыт өтсе де оқиға болған күнде түсірілген видео Сергейді телефонынан өшірілмеген.

Сергей сот отырысында тергеудегі сөзін қайта айтқан. Оның бір жыл бойы ары қиналған. Сергей 12 жыл бас бостандығынан айырылды.