Bugin
Фото: depositphotos.com
Қазақстанда қызылшадан қайтыс болғандардың саны екіге жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Екі жағдайда да бір жасқа дейінгі балалар көз жұмды.
“Өлімге әкелген жағдайға келетін болсақ: Астанада және Шығыс Қазақстан облысында екі өлім оқиғасы тіркелді. Бұл – бір жасқа дейінгі балалар, яғни екпе жасына толмаған балалар. Бір бала мерзімінен бұрын туған, содан кейін қызылшамен ауырды”, - деді Есмағамбетова.