Bugin

Министрлік елімізде қызылшаның таралуы қашан бәсеңдейтінін хабарлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Денсаулық сақтау вице-министрі, мемлекеттік бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда қызылшаның таралуы қашан бәсеңдеуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Бұл жағдай бәрімізге қатысты, өйткені індетті тоқтатудың жалғыз жолы - вакцинация. Енді бәрі негізгі санатты, яғни қызылшаға жиі шалдығатын 5 жасқа дейінгі балаларды қаншалықты тез және ұйымдасқан түрде қамтуымызға байланысты болады. Жағдайды тұрақтандыруда осы іс-қимылдарға назар аударып отырмыз", - деді А. Есмағамбетова Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Қазақстанда қызылша инфекциясының таралуына қарсы қарсы вакцинациялау жүріп жатыр.  1 млн адамның 608 мыңнан астамы екпе қабылдады.