Bugin

Сенаторлар тізіміне жаңа депутат қосылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Скриншот

Қостанай облысында өткен сайлауда жеңген Бибігүл Аққожина Парламенттің жоғары палатасында ант берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сенат депутаты Бибігүл Аққожина Парламент сенатының тұрақты комитеті құрамына сайланды.

Ол 1971 жылы дүниеге келген. Қостанай мемлекеттік университетін психология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Қостанай қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Қостанай облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасын басқарған.