Bugin

Сарыағашта бұрын сотты болған азамат тағы қылмыс жасаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сарыағашта бұрын сотты болған азамат тағы қылмыс жасаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 22 жастағы жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ол Сарыағаш қаласында ірі көлемде ұрлық жасаған.  Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі – 300 мың теңгені құрады.


"Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. Полицейлер күдіктінің үйінен айғақты зат ретінде электр тоғын тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда жас жігіт қамауға алынып, қылмысы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр"- делінген хабарламада.