Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Түркияда ірі жол апатынан 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Түркияның Сакария өңірінде бір мезетте 7 бірдей көлік соқтығысып, 10 адам қаза тапты. Тағы 59 тұрғын жарақат алған.
Бұл өңірде бүгін қалың тұман түсіп, таяқ тастам жерді көру мүмкін болмай тұр. Өңір губернаторының мәліметінше, Ыстанбұл бағытындағы күрежолдың Дагдиби ауданында соқтығысқан көліктердің үшеуі жолаушылар мінген автобус. Біреуі жүк көлігі. Жол апатына байланысты Ыстанбұл бағыты уақытша жабылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында отандастарымыз жоқ.
"Апат жеңіл көліктің жүк көлігіне соғтығысуынан басталған деген болжам бар. Кейін басқа көліктер келіп соқтығысқан. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында жаяу жүргіншілер де бар. Нақты ақпарат алдағы уақытта белгілі болады. Қазір 3-4 тергеуші осы іспен айналысуда"-дейді Сакария губернаторы.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61