Bugin
Либерияда автоцистерна жарылып, қаза тапқандар саны 40 адамға жетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап.
Тотота қаласында 26 желтоқсанда автоцистерна жолдан шығып кетіп, өртенген.
Апаттан кейін бірнеше адам төгіліп жатқан жанармайды жинауға тырысқан. Сол кезде жарылыс болған.
Мерт болғандар қатарында бір әйел мен алты және тоғыз жас аралығындағы үш бала бар.