Bugin

Әлемде жұмбақ індет таралып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: КТК сюжетінен скрин

Қытайда қауіпті пневмония тарап жатыр. Еліміздегі дәрігерлер де бұл аурудың тарауынан қауіптеніп отыр.  Жергілікті халық жаппай жұқтырып жатқан вирустың салдарынан мектептер жабылып, бетперде тағу тәртібі енгізілген. Жұмбақ індет АҚШ-та және Еуропаның бірнеше елінде тіркеліпті. Оның қандай белгісі бар? Бұл туралы Bugin.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайда қайтадан тұрғындарға бетперде тағу міндеттелді. Жағдай асқынып тұр. Микоплазмалы пневмонияға шалдыққан ондаған науқас аурухана төсегіне танылған. Көбі балалар. Ұзақ зерттеудің нәтижесі жаппай жұқтырудың негізгі себебі супербактерия екенін көрсетті. Ол ауа арқылы тарайды. Рентген кезінде өкпеде ақ дақ көрінетіндіктен, қытайлықтар "ақ өкпе синдромы" деп атап кетті. Ауру Еуропа мен АҚШ қа тарап үлгерді.

Билогия ғылымының докторы Джон Кэмпбелл:

"Қытайда қазан және қараша айларында ауруханаларға үш жарым мың бала түсті деген ақпарат бар. Еуропа радиолары күніне мың жағдай тіркеліп жатқаны жөнінде хабар таратты. Меніңше, бұл антибиотикке оңайшылықпен бой бермейтін қауіпті микоплазма. Яғни вирус әлемге тарайтын болса, оны емдеу жолы қиынға түседі. Басты қаупі де осы",-дейді.

 Жаңа әрі жұмбақ пневмонияның белгісі: ентігу, дене қызуының көтерілуі, демалғанда сырылдың естілуі және кеуде тұсының шаншып ауыруы. Ауа арқылы тарайтындықтан, оның жұғу қарқыны жоғары екенін пайымдаған мамандар қауіп жоғары екенін растайды.