Bugin

"3 жасар бала қайтыс болды": газ құйдырған көлік жарылып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Навои облысы IIБ ақпараттық қызметі

Өзбекстанның Қызылтепа ауданындағы «метан-заправкадан» газ толтырылған Кобальттың газ баллоны көп ұзамай жарылған. Көлікте әкесі мен оның кішкентай баласы болған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Өзбекстанның  Ішкі істер министрлігінің ақпарат қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылдың 24 желтоқсанында Қызылтепа ауданында Cobalt көлігі жарылды. Мәлім болғандай, азамат Д.Ф. ауданындағы Бостон ықшам ауданында орналасқан "Бургер" кафесіне телефон соғып, пиццаға тапсырыс берген.  Филиалдан шыққанда тапсырысты алатынын айтқан. Сағат 10:20-да жүргізуші ауданның Маликабад ықшам ауданында орналасқан жанармай құю бекетінен газ құйдырған. Сосын кафеге барып тапсырысын күткен.

Осы кезде көліктің газ баллоны жарылған. Көліктің артқы орындығында жүргізушінің 2020 жылы туған ұлы Ш.Р. отырған.

Әкесі мен баласы түрлі дәрежедегі ауыр жарақат алғандықтан ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер көрсеткен медициналық көмекке қарамастан кәмелетке толмаған Ш.Р. жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Қазіргі уақытта жағдайға байланысты Қызылтепа аудандық ІІБ тергеу бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.